Экс-мәжілісмен дүниеден өтті

21 Қаңтар 2020, 10:23
4656
Бөлісу:
Экс-мәжілісмен дүниеден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IV сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қамал Бұрханов 66 жасына қараған шағында дүниеден өтті.

Қамал Бұрханов 1954 жылы 31 наурызда Өзбекстанның Ташкент облысы Янгиүл ауданы Шуролисай ауылында туған. Ташкент мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген. Саяси ғылымдар докторы, профессор. 

1995-2000 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ тарих факультетінің деканы. 2000-2001 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ философия және саясаттану факультетінің деканы. 2001-2002 жылдары - әл-Фараби атындағы ҚазМУ саясаттану кафедрасының меңгерушісі. 2002-2004 жылдары - Абай атындағы АлМУ заң факультетінің деканы. 2004-2006 жылдары - ҚР президенті әкімшілігінің бас сарапшысы. 2006-2007 жылдары – ҚР БҒМ Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры. 2007-2011 жылдары - ҚР IV сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.
Өзгелердің жаңалығы