Екпеден бас тартқан шенеуніктерге тықыр таянды

11 Қыркүйек 2021, 04:15
1470
Бөлісу:
Екпеден бас тартқан шенеуніктерге тықыр таянды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ федералды мемлекеттік қызметкерлерін коронавирусқа қарсы екпеден бас тартқан жағдайда жұмыстан шығаратынын айтты, деп хабарлайды РИА Новости.

Егер үкіметтегі жұмысыңызды жалғастырғыңыз келсе немесе мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыс істегіңіз келсе, онда екпе алуыңыз керек, – деді Псаки Ақ үйдгі брифинг кезінде.
Сондай ақ ол себепсіз екпеден бас тартқан шенеуніктердің жұмыстан шығарылатынын растады.

Бұған дейін CNN телекомпаниясы АҚШ президенті Джо Байден инфекцияға үнемі тексеріліп отырылатын мемлекеттік қызметкерлерді коронавирусқа қарсы екпеден босатылатынын айтқан. Псаки брифингте мұндай жарлықтың барын растады, бірақ мемлекет басшысының бұл құжатқа қол қойған-қоймағанын айтқан жоқ.

Өзгелердің жаңалығы