Екпе салдырғандар EGov-тан вакцинация электронды паспортын жүктей алады

3 Сәуір 2021, 17:40
8681
Бөлісу:
Екпе салдырғандар EGov-тан вакцинация электронды паспортын жүктей алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда EGov Mobile қосымшасының «цифрлық құжаттар» бөлімінен вакцинацияның электронды паспортын алуға болады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сай Денсаулық сақтау министрлігі, ҰКП, авиация Комитеті, әуежайлар, Қазақтелеком және «Эйр Астана» компаниясындағы әріптестермен кездесу өтті. Біздің алдымызда covid-19 індетімен күресу үшін сандық шешімдерді тезірек енгізу міндеті тұр, деп жазды ол.

ASHYQ жобасын пайдалану картасын кеңейту үшін Павлодар, Тараз және Ақтөбе өңіріне енгізіледі.

Бірінші, «Ashyq» қосымшасына қатысты. Жоба өз нәтижесін беріп келеді. «Атамекен» ҰКП әріптестеріміз күн сайын фитнес-клубтарға келушілер арасында бұрын-соңды covid-пен ауырған адамдардың барын хабарлады. Тіпті қазірдің өзінде осы жобаға қатыспаған басқа да бизнес өкілдері тізімге енгізуді сұрап отыр. ASHYQ жобасын пайдалану картасын кеңейту үшін Павлодар, Тараз және Ақтөбе өңіріне енгізбекпіз. Осылайша фитнес-клубтар, бассейн, боулинг, спа-орталықтар мен компьютер клубтарынан бөлек, жобаға қоғамдық тамақтану мен кинотеатрларды қосу жағы әзірленуде. Міндет – қазіргі қиын жағдайға қарамастан бизнес өкілдеріне жұмысын жалғастыруға мүмкіндік беру. Өздеріңіз білесіздер жақында Францияда ұлттық локдаун жарияланды, барлық қажетті дүкендер жабылды. Германияда да қатаң шектеулер бар. Біз мұндай шектеулерге жол бермеу мақсатында қажетті шараларды қабылдаймыз. Бұған дейін айтқанымдай егер денсаулық жағын ойластыра отырып, елдегі бизнестің дамуына мүмкіндік беретін идеяларыңыз болса тыңдауға әзірміз, - деп жазды министр.

Министр Ashyq жобасын мемлекеттің қаржыландыруынсыз қолдап, бастама көтерген Виталий Пустовойтенкомен оның ұжымына алғыс айтты.

Мен өз тарапымнан Ashyq жобасын мемлекеттің қаржыландыруынсыз қолдап, бастама көтерген Виталий Пустовойтенкомен оның ұжымына алғыс айтқым келеді. Міне, азаматтық бастаманың жарқын мысалы! Сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Атамекен ҰКП атап өтуім керек, өйткені онсыз бұл жобаны жүзеге асыру мүмкін емес еді, - де жазды Мусин.

EGov Mobile қосымшасының «цифрлық құжаттар» бөлімінде вакцинациялаудың электрондық паспорты қолжетімді болды.

Екіншіден. EGov Mobile қосымшасының «цифрлық құжаттар» бөлімінде вакцинациялаудың электрондық паспорты қолжетімді. Онда ақпарат үш тілде көрсетіледі: адам қандай препараттар алды, қандай дозаны қай күнде қолданғаны тұр. Сіз құжатты талап еткен жерде көрсете аласыз және QR кодын қолдана отырып қажетіңізге жаратасыз. Қазір IATA халықаралық әуе көлігі қауымдастығымен ынтымақтастық мәселесі қарастырылуда. Вакцинацияның біздің электронды паспортты қабылдау және халықаралық жүйелермен келісім орнату маңызды! Бұл бағытта әрі қарай жұмыс істеуіміз керек. Ақпарат ретінде Сіз EGov Mobile-да вакцинация паспортын тексерген кезде жоғарғы оң жақтағы «Жаңарту» батырмасын басқан кезде, цифрлық құжаттағы паспорт екінші «дозаны» алғаннан кейін ғана көрсетіледі, - деп жазды Бағдат Мусин.

Шетелден келген жолаушыларға сауалнама жүргізу сандық форматқа ауыстырылады.

Үшінші. Шетелден келген жолаушыларға сауалнама жүргізу. Қазір сауалнама қағазға толтырылады, бұл рұқсат етілмейді. Біз оны сандық форматқа ауыстырамыз. Веб-ресурс қолжетімді болады, онда қолданушы сауалнаманы алдын-ала толтырады. Осыған ұқсас жоба Мальдив аралдарында да сәтті жүзеге асырылды, - деп жазды ол.
Өзгелердің жаңалығы