Екпе мәселесіне келгенде дәрігерлерге сену керек – имам

31 Шілде 2021, 19:00
4672
Бөлісу:
Екпе мәселесіне келгенде дәрігерлерге сену керек – имам

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыдағы «Төле би» мешітінің ұстазы Бауыржан Көптілеуов вакциналардың арқасында мыңдаған адамның өмірін сақтап, ұжымдық қызметтерге тезірек оралуға болатынына сенімді.

Қастандық теориясына сенбеу керек, дін мәселелерінде имамдарды, медицина мәселелерінде дәрігерлерді тыңдау керек. Қазір коронавирустың төртінші толқынының шыңы жақындап келеді, адамдар жаппай ауырады, қысқа мерзімде халықты вакциналау керек. Адам өмірін сақтау және құтқару үшін жасалып жатқан барлық іске шариғат тыйым салмайды, керісінше, құпталады, – деді ол.

Сондай-ақ ол пайғамбарымыздың с.ғ.с «Өзіңе де, өзгеге де зиян тимесін» деген хадисін еске салды.

Сөз соңында дін қызметкері шариғатқа сәйкес, егер адам өмірін сақтап қалса, бұл бүкіл әлемді құтқарумен тең, сондықтан бір-біріңізді санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтауға, бетперде тағуға шақыруыңыз керек екеніне тоқталды.

Тиісті мәлімдемеде Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы адал мұсылмандарды жақындары мен бауырларының денсаулығы мен өмірін сақтау үшін вакцинадан өтуге шақырды.

Өздеріңіз білетіндей, елімізде және әлемде індетпен байланысты жағдай күрделі. Күн сайын бір отбасынан бірнеше адам жұқпалы аурудан қайтыс болады. Бұл - вакцинаның қажеттілігін көрсетеді. Сондықтан денсаулығымыз бен өмірімізді сақтап қалу үшін вакцинадан өтуге шақырамыз, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы