Екпе алған дұрыс – денсаулық сақтау орталығы

8 Мамыр 2020, 17:04
2477
Бөлісу:
Екпе алған дұрыс – денсаулық сақтау орталығы
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі.  ҚР денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының директоры Дәмір Көпжасаров  Қазақстандағы вакцина мәселесі жайлы онлайн сұқбат барысында айтып берді. 

Вакцина адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Екпе болмаған кезде адам өлімі көп болды. Ол қазір де бар. Әлем бойынша 9 млн адам инфекциядан қайтыс болады екен. Екпені алған дұрыс. Көп ата-аналар балаларына екпе салдырудан қорқады. Оның сапасы қандай, қандай әсер береді деп ойлайды да көп мәселеге көз жұма қарайды. Барлығы әлеуметтік желідегі бейнежазбалар мен тартылған жазбаларға байланысты бас тартуда. Екпенің қандай пайдасы бар екендігіне көз жеткізбестен оны қабылдамай қояды. Ең соңы осындай қайғылы жағдайларға әкеп соғады. Сондықтан екпені уақытылы алып отырған шарт, - деді спикер. 
Қазіргі таңда вакцинаның сапасы мемлекеттік бақылауда екенін айта кетіп, вакцинаны тіркеудің кезеңдерін айтып берді.
Вакцинаны тіркеу барысы ұзақ процес. Ол бірнеше этаптардан тұрады. Солардың бірнешеуіне тоқталатын болсақ, біздің қазақстандық мамандар вакцина өндіретін кәсіпорынға барады. Өндіріске тексеріс жүргізіп, талаптарға сай ма соны тексереді. Одан соң вакцинаға байланысты құжатта тексеріледі. Әрі қарай зерханалық және ғылыми тәжірибелер жүргізіледі. Осындай қатаң бақылаудың нәтижесінен кейін ғана барлық талаптарға сай вакцина тіркеуге алынады. Сондықтан Қазақстанда тексерілген өндірістердің вакцинасы келеді деп айта аламын. Олардың қатарына Қытай, Франция, Ресей елдеріндегі өндіріс орындарын жатқызуға болады, - деді ол. 
Айта кеткен жөн, вакцина алмау кесірінен көптеген бала көз жұмуда. Солардың бірі Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Олар былтыр қызылшаға қарсы вакцина алмай екі бірдей баласынан айырылған.


Өзгелердің жаңалығы