Бас жаңалықтар
Экономиканы несиелеу 4,2%-ға ұлғайды - Дәленов
10 Желтоқсан 2020, 09:10 475

Экономиканы несиелеу 4,2%-ға ұлғайды - Дәленов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкіметтің онлайн өткен отырысында айтты. 

Нақты сектордың өсуі 2%-ға дейін жеделдеді. Қызмет көрсету саласының өсу қарқыны 5,9%-ға дейін жақсарды. Жалпы ішкі өнімнің өсуі минус 2,8% деңгейінде қалыптасты. Жылдық инфляция 7,3%-ды құрады, - деді Руслан Дәленов. 
Министр атағандай, кен өндіру өнеркәсібін есепке алмағанда инвестициялар 17,3%-ға өсті.
Инвестициялардың елеулі көлемі тұрғын үй құрылысына, көлік, өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде азық-түлік өнімдері, ауыл шаруашылығы салаларына тартылды. Экономиканы несиелеу жыл басымен салыстырғанда 4,2%-ға ұлғайды. Кредиттердің ең жоғары өсуі байланыста, құрылыста, ауыл шаруашылығында және өнеркәсіпте байқалады, - деді ол. 
Дәленов шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелеу 8,9%-ға ұлғайғанын айтты.
Бұл - тұтынушылық кредиттердің және жалпы экономиканы кредиттеудің өсуінен жоғары, - деді ол.


Фото: дереккөз
Загрузка...