Экономикалық тергеу қызметінде жалақы артпақ

14 Ақпан 2019, 13:02
2434
Бөлісу:
Экономикалық тергеу қызметінде жалақы артпақ

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік кірістер комитетіне қарасты экономикалық тергеу қызметінің штаты 40% қысқарады. Бұл туралы ҚР Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді.

«Экономикалық тергеу қызметін қайта құру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Тиісті заңнамалық нормаларға өзгерістер енгізу туралы шешім қабылданды. Заңнамаға өзгерістерді енгізу мәселесі аяқталуға жақын. Біз экономикалық тергеу қызметіндегі басымдықтарды түбегейлі өзгертуіміз қажет», - деді ол қаржы министрлігінің алқа отырысында.

Сонымен қатар, Әлихан Смайылов экономикалық тергеу қызметінің штаты қысқаратынын, үнемделген қаржы қызметкерлердің жалақысын арттыруға жұмсалатынын атап өтті.

«Негізгі басымдықты көлеңкелі схемаларды анықтауға, осындай жолмен табылған ақшаны шығаруға, экономикалық қылмыстарды ескертуге, оның алдын алуға беру қажет. Сондықтан экономикалық тергеу қызметінің штатын 40% қысқарту жоспарда бар. Үнемделген қаржы аталған мекемедегі қызметкерлердің жалақысын көтеруге жұмсалады», - деп түйіндеді сөзін министр.

Айта кетейік, осыған дейін қаржы министрі Әлихан Смайылов биыл 123 объект жекешелендірілетінін, әрі Үкімет басшысының орынбасары Ерболат Досаев мемлекеттің кәсіпорындар алдында қомақты берешегі бар екенін, сондай-ақ қаржы министрінің қызметтік көліктен бас тартқанын хабарлағанбыз. 

Дәурен Ерболат

Өзгелердің жаңалығы