Экономикалық өсімді қалпына келтіру жоспары 10 бағыттан тұрады – Смайылов

19 Мамыр 2020, 10:52
1084
Бөлісу:
Экономикалық өсімді қалпына келтіру жоспары 10 бағыттан тұрады – Смайылов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның жыл соңына дейін экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспары 10 негізгі бағыттан тұрады. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайылов айтты.

Кешенді жоспар экономиканың өзін-өзі қамтамасыз етуін арттыруға, инвестиция тартуға, нақты секторды қолдауға, сервистік экономиканы қалпына келтіруге, сапалы цифрландыруға, сондай-ақ ынталандырылатын ақша-кредит саясатын жүргізуге бағытталған 160-тан астам шараны қамтитын 10 негізгі бағыттан тұрады. Қалыптасқан шаралар экономиканы тұрақтандыруға, оның одан әрі сапалы және тұрақты өсуін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді, - дейді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, 2020 жылдың соңына дейінгі экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар әзірлеу үшін Үкіметте ауқымды жұмыс атқарған. 

Мемлекеттік органдардың, Ұлттық банктің, "Атамекен" ҰКП және бизнес қауымдастық өкілдерінің қатысуымен 3 раунд кездесу өткізілді. Жеке сектордың 250-ден астам ұсынысы мұқият қарастырылды. Олар барынша ескерілді. Бірлескен талқылаудан кейін кешенді жоспар жобасына нақты мерзімдер мен қажетті қаржыландыруды айқындай отырып, салалық және жалпы жүйелік шаралар енгізілді, - дейді вице-премьер.

Өзгелердің жаңалығы