Экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты – Назарбаев

4 Сәуір 2019, 17:19
2209
Бөлісу:
Экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты – Назарбаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасың Тұңғыш Президенті – Елбасы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады.

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің валюта-қаржы нарығындағы қазіргі ахуал жөнінде мәлімет берілді.

«Қазіргі уақытта мұнай бағасының өсіп келе жатқаны байқалуда. Еліміздегі экономикалық ахуал мен теңге бағамы тұрақты. Жақында Ұлттық банк пен Үкімет тұрғындар үшін бірлескен мәлімдеме жасады. Сіздердің тараптарыңыздан бұл дұрыс шешім деп ойлаймын», – деді Елбасы.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа қаржы секторының тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляция деңгейін сақтап қалу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы мәлімделді.

 

 

Өзгелердің жаңалығы