Бас жаңалықтар
Экономикаға керек деген 100 мамандық бойынша 200 мың адамды оқытуымыз керек – министр
02 Шілде 2019, 10:28 318

Экономикаға керек деген 100 мамандық бойынша 200 мың адамды оқытуымыз керек – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының жаппай кәсіпкерлікті дамыту тапсырмасы бойынша атқарылып жатқанын жұмыстар туралы айтты.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, қазақстандықтардың әл-аxуалын арттыру, нәтижелі жұмыспен қамтамасыз ету үкіметтің негізгі міндеттерінің бірі болып есептеледі. Биылғы жылдың басынан ең төменгі жалақы 42 мың теңгеге, төмен жалақы алатындардың айлығы кәсіпорындар мен кәсіпкерлердің көмегінің арқасында 46 мыңнан 60 мыңға дейін көбейді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, 1 маусымнан бастап мемлекеттік мекемелерде қызмет істейтіндердің жалақысы орта есеппен 30%-ға көбейді. Оған енді осы қосымшаға сәйкес, 12,3 млрд теңге бөлініп отыр», - деп баяндады Бердібек Сапарбаев

Оның айтуынша, прездиенттің тағы бір негізгі тапсырмасы жапппай кәсіпкерлікті дамыту. Соған сәйкес қазіргі таңда бөлінген гранттар мен микрокредиттер үшін қосымша 32 млрд теңге қарастырылған.

«Бұл қаржы шамамен 30 мың адамды қамтиды. Одан бөлек, «Жас кәсіпкер», «Жас маман» жобалары бойынша осы 3 жылдың ішінде экономикаға керек деген 100 мамандық бойынша ең кем дегенде 200 мыңды оқытуымыз керек. «Бастау» бизнес бағдарламасы бойынша осы уақытта кем дегенде 60 мың адам оқытылады. Қазіргі таңда берілген қаржыға қосымша 16,8 млрд теңге бөлінеді. Сол кезде оқитындардың саны екі есеге көбейеді. Олардың 70%-ы жастар», - дейді министр.

Фото: ашық дереккөз

Сізден жаңалық