Экономикада ақша аз: министр Руслан Дәленов шынын айтты

6 Қараша 2019, 12:10
2794
Бөлісу:
Экономикада ақша аз: министр Руслан Дәленов шынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында ҚР ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов шағын және орта бизнесті қолдауға бөлінетін ақшаның аз екенін айтты. 

Мәжілісте "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстанның әкімшілік-аумақтық құрылысы, мемлекеттік басқару жүйесін және бюджетаралық қатынастарды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы талқынған болатын. 

Баяндама жасауға келген министрді төменгі палатаның спикері Нұрлан Нығматулин біраз қара терге түсірді. 

Шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс 2020 жылдан бастап жергілікті бюджетке берілген кезде республикалық бюджет шартты түрде 2020 жылы 423 млрд теңге, 2021 жылы 487 млрд теңге, 2022 жылға 541 млрд теңге жоғалтады. Бұл шығындар жергілікті бюджеттің субвенция көлемін төмендету арқылы реттеледі. Жергілікті бюджеттің республикалық бюджеттен тәуелділігін қалайша азайтуға болады, – деп сауал жолдаған болатын депутат Серік Сейдуманов.

Министрдің айтуынша, корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджетке берудің артықшылықтары бар. Яғни осының арқасында жергілікті бюджеттердің республикалық бюджеттен тәуелсіздігі 2020 жылы 5 пайыздан 46 пайызға, 2022 жылы 52 пайызға дейін ұлғаяды. 


Бүгін біз субвенциялық аудандармен бірлесе отырып, олардың бюджетінің кіріс бөлігін қалай құру керектігі туралы іс-шаралар жоспарын талқылауға келістік. Сонымен қатар, үкіметте премьер-министрдің басшылығымен жобалық кеңсе бар, – деді Дәленов.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулин іс-шаралар жоспары мен жиналыстар "қара терминология" екенін атап өтті.

Руслан Ерболатұлы, экономика министрі ретінде айтсаңызшы. Бүгінде бюджетте, экономикада, шағын және орта бизнес үшін ақша бар ма? Бұл жеткілікті ме? Шыныңызды айтыңыз - деп сұрады Нығматулин. 
Өз кезегінде министр: "Экономикада ақша аз, Нұрлан Зайроллаұлы", - деп мойындады Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, корпоративтік табыс салығын жергілікті бюджетке берген кезде жергілікті бюджеттер жыл сайын 400 млрд теңгеге артады. 

Бүгінгі таңда бұл салық түрі толықтай республикалық бюджетке аударылуда. Бүгінде корпоративтік табыс салығының жалпы көлемі 1 трлн 600 млрд теңгені құрап отыр. Осының ішінде шағын және орта бизнестен түсетін корпоративтік табыс салығы 400 млрд теңгеге жуық. Бұл қадам жергілікті экономиканы дамытуға, ынталандыруға ықпал етпеді. Жергілікті бюджеттер жыл сайын 400 млрд теңгеге артатын болады. Бұл қомақты қаржы елеулі түрде әсер етеді, - дейді министр.
Айта кетейік, бұл заң жобасы мәжілістің бірінші оқылымында мақұлданды.
Өзгелердің жаңалығы