Экономикамыз дамып, әлеуметтік жағдайымыз жақсаратынына сенеміз – Айбөпе Мақұлбекқызы

10 Маусым 2019, 22:46
2369
Бөлісу:
Экономикамыз дамып, әлеуметтік жағдайымыз жақсаратынына сенеміз – Айбөпе Мақұлбекқызы

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. 9 маусым – ҚР президентінің кезектен тыс сайлауының нәтижесін естігенде қуандым. Осылай болуы керек еді.

Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы Алматы облысы және Алматы қаласы филиалдарының басшысы Айбөпе Мақұлбекқызы президент сайлауының қорытындысына осылай пікір білдірді.

«Жалпы алғанда бұл сайлау дұрыс өткен сияқты. Мен де өзім дауысымды Қасым-Жомарт Кемелұлына бердім. Отбасымыз да солай жасады. Біздің о кісіге деген көзқарасымыз ерекше. Неге десеңіз, о кісінің білімі, тәлімі, көргені де көп. Дүниежүзінде танымал адам. Еліміз үшін көп еңбегі сіңген адам. Жақсы жағынан бағалай отырып, бұл кісіге қолымыздан келгенше көмегімізді көрсетуіміз қажет. Сайлау учаскесіне барған кезде менің байқағаным – сол жерде адамдардың көзқарастары дұрыс сияқты болды. Алматы облысының әрбір ауданда бөлімшелеріміз бар. Сол бөлімшелерді басқарып отырған өкілдеріміз бар. Олармен сайлау алдында сұқбаттастық. Пікірлері дұрыс. Өздерінің тұрып жатқан аймағындағы шеттен келген бауырларымыздың да көзқарастары дұрыс сияқты көрінді» - дейді ол.

Сонымен қатар ол сайлау қорытындысы шыққан кезде қуанғанын жеткізді.

«Сайлаудың қорытындысы шыққанда барлығымыз қуандық. 70 пайыз дауысты Қасым-Жомарт Кемелұлы алып еліміздің басшысы болды. Осылай болу керек еді. Басында айтып өткенімдей бұл кісінің көргені-білгені көп адам. Біз ел болып өзімізбен-өзіміз өмір сүре алмаймыз. Әрқашан да шеттегі елдермен экономика және мәдениет жағынан болсын тағы басқа салаларда болсын тығыз байланыста жұмыс жасауымыз керек. Соған осы кісінің танымалдылығы экономикамыздың дамып, елдің әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлкен үлес қосады. Көп адамдар басқа да кандидаттар туралы сөз қылып жатыр. Бірақ, меніңше, бізде әркімнің өз пікірі, өз ойы бар. Жалпы елді алғанда бүгінгі өмірімізді, саясатымызды Қасым-Жомарт Кемелұлына тапсырып берді. Басқа пікірде жүрген адамдар басқа кандидаттарға дауыс берген. Өйткені, әркімнің ойы, пікірі өз еркінде. Менің көңіл-күйім өте көтеріңкі. Өйткені Қасым-Жомарт Кемелұлының жетістігі бәріміздің жетістігіміз»,-дейді Айбөпе Мақұлбекқызы.

Өзгелердің жаңалығы