Бас жаңалықтар
Экологиялық кодексті тауық пен сиырды ажырата алмайтын адам жазған - Нығматулин
28 Қазан 2020, 11:41 354

Экологиялық кодексті тауық пен сиырды ажырата алмайтын адам жазған - Нығматулин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында төраға Нұрлан Нығматулин экологиялық кодексті жазған адамдарға шүйлікті.

Бүгін Мәжіліске экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев келіп, жаңа экологиялық кодексті таныстырған.

Заң жобасынан түсінгенім, тек жеке кәсіпкерлер ғана емес, жалпы тұрғындардың барлығына міндеттелген баптар бар. Мысалы, облыс орталығынан 700 шақырым қашықтықта орналасқан Ұлытау ауданының тұрғынының 5-10 тауығы бар делік. Оны декларациялау үшін ол облыстық табиғи ресурстар басқармасына баруы керек. Ол облыс орталығы Қарағанды қаласында орналасқан.Ең сорақысы, тіпті 5 емес, 1 тауығын декларациялау үшін 700 шақырымды жүруі керек. Кодексте осылай жазылған. Мағзұм Маратұлы (министр Мырзағалиев) «100 және одан төмен бас үшін» деп жазасыз. Сондықтан оған мал болсын, құс болсын кіреді, - дейді Нұрлан Нығматулин. 

Оның айтуынша, бұл жерде 99 мал мен 1 малдың айырмашылығы жоқ. 

Әлбетте бір табынның бір тауыққа қарағанда экологияға тигізетін әсері мол екенін алдымен түсініп алу керек. Бұл норманы жазған кезде ойлану керек болатын. Осындай нормаларын оқыған кезде «бұл норманы жазған адам ауылда болды ма?» деген сұрақ туындайды. Болмаған шығар деп топшылаймын. Егер осы норманы жазған адамды 2-3 айға ауылға жіберсе ғой. Сонда ғана ол адам тауық пен сиырдың айырмашылығын түсініп келер. Бұл ұсынысыма қалай қарайсыз министр мырза? Кодексті қабылдағаннан кейін ауылға барып келуіңізге болады, - деді Мәжіліс төрағасы.


Фото: дереккөз
Загрузка...
// (function (d, w, c) {(w[c] = w[c] || []).push(function () {try {w.yaCounter34776245 = new Ya.Metrika({id: 34776245,clickmap: true,trackLinks: true,accurateTrackBounce: true,webvisor: true,trackHash: true});} catch (e) {}});var n = d.getElementsByTagName("script")[0],s = d.createElement("script"),f = function () {n.parentNode.insertBefore(s, n);};s.type = "text/javascript";s.async = true;s.src = "https://mc.yandex.ru/metrika/watch.js";if (w.opera == "[object Opera]") {d.addEventListener("DOMContentLoaded", f, false);}else {f();}})(document, window, "yandex_metrika_callbacks");//