Экология министрлігі Қошқар-ата ойпатындағы мәселе қалай шешілетінін айтты

3 Қазан 2021, 17:55
3131
Бөлісу:
Экология министрлігі Қошқар-ата ойпатындағы мәселе қалай шешілетінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі депутаттардың «Қошқар-ата қалдық қоймасын рекультивациялау. І-кезең» жобасына қатысты жолдаған сауалдарына жауап берді.

Маңғыстау облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының тапсырысы бойынша «Қошқар-ата қалдық қоймасын рекультивациялау. І-кезең» жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді, оған 2017 жылғы 18 наурыздағы №15-007/14 мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Рекультивациялау алаңы 4 702 га құрайды, жобаны іске асыру құны 15,5 млрд теңгені құрайды, оның 10%-ы жергілікті бюджеттен қоса қаржыландырылады, - деді Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов.

«Қошқар-ата қалдық қоймасын рекультивациялау» І-кезең» ЖСҚ-ға сәйкес мынадай іс-шаралар көзделген:

1. жергілікті топырақпен көму жолымен қалдық қоймасының алаңына қайта құнарландыруды жүргізу;

2. технологиялық жолдарды реконструкциялау және салу;

3. құрылыс аймағынан су бұру.

2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасын қарау кезінде министрлік 2021 жылға арналған шығыстары шеңберінде «Қошқар-ата қалдық қоймасын рекультивациялау» 1-кезең» жобасын іске асыруға 1 млрд теңге сомасында қаражат қолдау тапты.

2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде 3 млрд теңге сомасында қаржыландыру қолдау тапты. Маңғыстау облысының әкімдігі конкурс жариялады және жұмыстарды жүргізуге 2020 жылғы 23 наурызда №65 келісімшарт жасасты. Қошқар-ата қалдық қоймасын рекультивациялау жұмыстарын мердігер ағымдағы жылғы шілдеден бастады, - деді Экология министрлігі өкілі.

Министрлік Қошқар-ата қалдық қоймасын рекультивациялау мәселелері бойынша Ақтау қаласында көшпелі кеңес ұйымдастырды.

Көшпелі кеңес барысында әкімдікке атом энергиясын пайдалану саласындағы білікті мамандарды тарту және Ұлттық ядролық орталығымен бірлесіп қосымша радиологиялық зерттеулер жүргізу мүмкіндігін қарау ұсынылды. Республикалық бюджетті нақтылау және қалыптастыру кезінде министрлік жұмыстарды жалғастыруға тиісті бюджеттік өтінімдер жібереді, - делінген Пірімқұловатың депутаттарға берген жауабында.

Айтуынша, Қошқар-ата қалдық қоймасын рекультивациялау мәселесі Үкімет пен Министрліктің ерекше бақылауында болады.

Өзгелердің жаңалығы