Экология министрінің орынбасары тағайындалды

15 Қазан 2021, 11:40
1589
Бөлісу:
Экология министрінің орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үкіметтің қаулысымен Талғат Амангелдіұлы Момышев Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Талғат Момышев 1968 жылы Ақмола облысында дүниеге келген.  

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. 

Мамандығы бойынша біліктілігі: инженер-құрылысшы, бухгалтер-экономист. 

1994-1996 жж. - қазақ-түрік бірлескен кәсіпорнының атқарушы директоры.  

1997-1998 жж. - Жамбыл стандарттау және метрология орталығы директорының мемқадағалау жөніндегі орынбасары.  

Әр жылдары жеке компанияларда жұмыс істеді. 

1998-1999 жж. - Жамбыл облысы әкімі аппаратының аға референті.   

1999-2000 жж. - Жамбыл облыстық Инвестициялар және ЖЭС комитетінің төрағасы.   

2000 ж. - «Метрология» РМК Алматы бөлімшесінің басшысы, «Ұлттық аккредиттеу орталығы» АҚ директорының бірінші орынбасары.  

2000-2005 жж. - «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» ААҚ Астана қаласы бойынша өндірістік басқармасының басшысы.

2005-2010 жж. - Индустрия және сауда министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары.  

2010-2014 жж. - Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.  

2014-2016 жж. - Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі Экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы.  

2016-2018 жж. - Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы. 

2018-2019 жж. - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.  

2019-2021 жж. - Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы. 

2021 жылдың қаңтарынан қазіргі уақытқа дейін Энергетика министрлігінің аппарат басшысы болды.

Өзгелердің жаңалығы