Қарағандылықтар экология министрінің эко-челленджіне қолдау көрсетті

22 Шілде 2019, 21:57
1669
Бөлісу:
Қарағандылықтар экология министрінің эко-челленджіне қолдау көрсетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Twitter-дегі парақшасында экология министрі Мағзұм Мырзағалиев жариялаған #birge #TazaQazaqstan экологиялық акциясын қолдайтынын айтты. 

27 шілдеде Қарағандыда акцияға қолдау ретінде сенбілік өтеді. 

"Премьер-министр Қоянды су қоймасын тазалауға қатысты. Бұл челлендж-жақсы іс. Менің ойымша, акцияға қатысуымыз керек. Табиғатты тазартуға үлес қосқанымыз абзал", - деді аймақ басшысы. 

Ерлан Қошанов облыстың әрбір қаласы мен ауданында проблемалы орындарды анықтауды тапсырды. Осы сенбі күні, 27 шілдеде қала және аудан әкімдері аппараттарының, басқармалар мен бөлімдердің қызметкерлері аумақты тазалауға шығады. 

Ерлан Қошанов барлық қарағандылықтарды акцияға қосылуға шақырды. 

Акцияны өткізу орны мен уақыты кейінірек жарияланады. 

Айта кетейік, осы жылдың 16 шілдесінде ҚР экология министрі Мағзұм Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында #Birge #TazaQazaqstan акциясын бастады. Ол еріктілерді, қоғам қайраткерлерін, Үкімет мүшелерін, белсенділер мен қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтын азаматтарды Қоянды су қоймасын тазалауға қатысуға шақырды. 

Аталмыш акция Қазақстанның көптеген аймағында қолдау тапты. 

Өзгелердің жаңалығы