Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды

11 Қаңтар 2022, 17:41
1628
Бөлісу:
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды
Фото: Ақорда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Жарлығымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрі тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;

   1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген.

1995 жылы Атырау политехникалық институтын «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша бітірген.

1995-1997 жылдары — «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК экономисті, бас директорының орынбасары.

1997 жылы Ақтау қаласы бойынша Салық бөлімінің жедел бөлімінің инспекторы қызметін атқарды.

1997-1998 жылдары — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасының филиалы құбырлар және металл бұйымдары бөлімінің 8-разрядты инженері, арнайы техника және қосалқы бөлшектер көлігі бөлімінің инженері.

1998-2006 жылдары — «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ пайдалану жөніндегі инженері, кен орнында мұнай өндіру шебері, кәсіпшілік менеджері.

2007-2014 жылдары энергетика және минералдық ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

2015 жылдан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді, техникалық саясат департаментінің директоры, МТҚ басқару жөніндегі басқарушы директоры, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директоры, өндірістік-техникалық департамент директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары лауазымдарын атқарды.

2020 жылғы наурыздан 2021 жылғы қыркүйекке дейін — Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі.

2021 жылғы 10 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалды.

 

Өзгелердің жаңалығы