Экокарта арқылы экологиялық проблеманы көтеріңіз 

20 Ақпан 2020, 11:30
3515
Бөлісу:
Экокарта арқылы экологиялық проблеманы көтеріңіз 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дәл қазір экокарта арқылы 49 шағым жүктелген. Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының ауасы қатты ластанған.


Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жамбыл, Қызылорда Алматы облыстарының ластануы төмен деңгейді көрсетіп тұр.
Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының көрсеткіші орта дәрежелі екені экокарта сайтында жарияланған.

Өткен жылдың соңында Қазақстан Экологиялық ұйымдар қауымдастығы қоғамдық экологиялық мониторинг үшін интерактив карта әзірледі. Карта өз өңірінің экологиялық жағдайына алаңдайтын және табиғатты қорғауда мүдделі азаматтарға арналған. 
Сонымен қатар, интерактив жүйе арқылы ірі кәсіпорындардың қоршаған ортаға әсері, еліміздің кез келген аймағындағы экологиялық проблемалар және оларды жою үшін Қазақстан Үкіметі, орталық және жергілікті атқару органдары қабылдайтын шаралар туралы материалдармен таныса аласыз, - деді қауымдастықтың баспасөз хатшысы Меруерт Абдалиева.

Бұдан бөлек өз қалаңыз, ауыл не ауданыңыздағы экологиялық проблемаларға қатысты жергілікті билік органдарының шарасыз отырғанына байланысты шағымдануға да болады. 
Келген шағымдардың барлығын алып, құзыретті органдарға ресми хат арқылы жолдаймыз. Сондай-ақ нақты шаралар қолданғанша қолдан келгенін жасаймыз, - деді Меруерт Абдалиева.

Сіз де өңіріңіздің экологиялық проблемаларын оңай әрі тез https://ecokarta.kz/ сайты арқылы жібере аласыз.

Өзгелердің жаңалығы