Бас жаңалықтар
Екінші рет той жасаған мейрамханалар мүлдем жабылуы мүмкін
27 Қазан 2020, 22:45 113

Екінші рет той жасаған мейрамханалар мүлдем жабылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында 17 тамыздан бастап 24 мониторинг тобы құрылды. Нәтижесінде барлығы 645 рейд жүргізіліп, 1009 нысан тексерілді. 

Бұл туралы қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Маңғыстау облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Ғазиз Надуев мәлім етті.

Рейд барысында 108 нысанда заң бұзушылық анықталып, 57 (12 жеке кәсіпкер, 44 жеке тұлға, 1 заңды тұлға) әкімшілік хаттама (5 млн. 972700 тг.) толтырылды.

Алдағы уақытта карантин талаптарын бұзып, бір рет айыппұл төлесе де, тағы да көпшілікті жинаған кәсіпкерлер соттың шешімімен мейрамхананы мүлде жабуы мүмкін. Ведомствоаралық комиссия отырысында карантин талаптарын бұзған тойхана, кафе иелеріне қатысты заң жобасын әзірлеу туралы бастама көтерілді. Оған себеп, кей өңірлерде отбасылық мерекелер ұйымдастырып әкімшілік шараға тартылған кәсіпкерлер тағы да карантин талаптарын сақтамай бірнеше рет той жасау деректері тіркелген.

Облыстың бас санитар дәрігерінің айтуынша, Маңғыстауда соңғы 20 күнде 27 карантин талабын бұзу дерегі анықталды.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...