Бас жаңалықтар
Екібастұзда өткен жылы із-түзсіз кеткен 37 адам табылды
09 Қаңтар 2021, 01:45 381

Екібастұзда өткен жылы із-түзсіз кеткен 37 адам табылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 37 адамның ішінде 13 бала туысқандарына қайтарылған, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Екібастұз қаласы полиция басқармасының мәлімдеуінше, жуырда криминалдық полиция қызметкерлері Екібастұз қаласының еріктілерімен бірге үйден белгісіз бағытта кеткен ер адамды тауып, туыстарымен табыстырған.

2021 жылғы 4 қаңтарда Екібастұз қаласының 34 жастағы тұрғынынан арыз келіп түсті. Ер адам 2020 жылғы 24 желтоқсанда сағат 10:00 шамасында үйден кетіп, байланысқа шықпаған 51 жастағы ағасын іздеуге көмектесуді сұрады. Туыстары бірден іздестіруге кірісіп, бірақ оны таппаған соң 10 күннен кейін полицияға жүгінді. Полицейлерге екібастұздық «Вита ІГО» еріктілері қосылды. Жақын маңдағы саябақтар, скверлер, кәріз люктері тексерілді. Хабар-ошарсыз кеткен ер адам Қонаев көшесіндегі жылу трассасынан табылды, - деді басқармада.

Айта кетейік, өткен жылы хабар-ошарсыз кеткен 37 Екібастұздық, оның ішінде 13 кәмелетке толмаған бала табылып, туған-туыстарына қайтарылды. Адамдардың жоғалып кету себептері әртүрлі: жанжал, реніш, түсінбеушілік, алкогольді теріс пайдалану.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...