Бас жаңалықтар
Екібастұз тұрғынынан 11 бума есірткі тәркіленді
15 Мамыр 2021, 03:24 2144

Екібастұз тұрғынынан 11 бума есірткі тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұзда полицейлер ер адамнан 11 бума есірткі тәркіледі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, өткізілген іс-шаралар нәтижесінде есірткі заттарын сатты деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған 45 жастағы облыс тұрғыны ұсталған.

Іс-шара барысында өсімдік тектес сұр-жасыл заты бар 11 қағаз бумасы табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес кептірілген марихуана есірткі заты екені анықталды. Күдікті Екібастұз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді Екібастұз қалалық полиция басқармасының басшысы Василий Скляр.

Полиция аталған факті бойынша ҚР ҚК 297-бабы есірткі және психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

Айта кетейік, жыл басынан бастап Екібастұз қаласының полицейлері заңсыз айналымнан 29 келіден астам есірткі заттарын тәркілеген.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...