Екібастұз экономикасын энергетикалық кешенге тәуелділіктен арылту көзделген

17 Маусым 2021, 13:05
1820
Бөлісу:
Екібастұз экономикасын энергетикалық кешенге тәуелділіктен арылту көзделген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен халық алдында есеп беру кездесуі кезінде Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты.

Екібастұзда рельстік бекітпелерге арналған серпімді клеммалар мен жол бұрама шегелерін өндіруді іске қосуға және теміржол дөңгелектерін шығару көлемін жылына 200 мыңнан 300 мың данаға дейін ұлғайтуға дайындық жүруде.

Оның айтуынша, Екібастұз индустриялдық аймағында 227 млрд теңгенің жобасы жүзеге асырылуға әзір. Қазіргі күні қалада энергоблоктарды модернизациялау жүргізілуде. Бұл экономикасы өсіп келе жатқан облыс пен елді қажетті энергиялық қуатпен қамтамасыз етеді.

Аталған шаралар Мемлекет басшысы тапсырған Екібастұз қаласын дамытудың кешені жоспардың бір парасы. Біз жоспарды дайындау барысында қаланы барлық жағынан өмір сүруге қолайлы қалаға айналдыруда басшылыққа алып отырмыз, жоспарды талқылауға қала тұрғындары да қатысты. Олардан 1,5 мыңға жуық ұсыныс түсті. Өткен аптада бизнес, қоғамның белсенді өкілдері және осы қаладан шыққан белгілі тұлғалармен кездесіп, осы мәселені талқыладық. Қаланы дамыту жоспарының негізгі мақсаты - оның отын энергетикалық кешенге тәуелділіктен арылтып, өйткені көмір өндірісін төмендетіп, инновациялық технологияларға көшуіміз керек. Сондықтан қалада өзге де табыс көздерінің ашылуына жағдай жасауға тиіспіз, - деді ол.

Облыс әкімінің айтуынша, осы орайда экономикадағы өңдеу өнеркәсібі көлемін арттыру, оған жеке инвестицияны көптеп тарту көзделіп отыр.

Кешенді жоспарда қаланың әлеуметтік мәселелері де қарастырылады, оның ішінде баспанамен қамту, тұрғын үй қорын жаңарту, жұмыссыздықпен күрес сияқты проблемалар бар. Қазіргі күні Екібастұзда бес тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр. Өткен аптада жаңа бес үй пайдалануға берілген болатын. Ол үйлердегі пәтерлер кезекте тұрғандарға берілді. Тұрғын үй құрылысына да жеке инвестиция тарту жоспарланған, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы