Бас жаңалықтар
Екібастұзда «Жасыл ел» сарбаздарына велосипедтер сыйға тартылды
04 Маусым 2019, 15:52 472

Екібастұзда «Жасыл ел» сарбаздарына велосипедтер сыйға тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мемлекеттік рәміздер күні Екібастұзда «Жүз аула, жүз үй» акциясы басталды. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлайды.

«Шахтер» мәдениет және демалыс саябағында өткен «Мемлекет. Символ. Патриот» патриоттық форумында Екібастұз әкімі жаңа акция ұйымдастыруды және балалар алаңын ретке келтіруді ұсынды.

«Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары үйлердің аулалары мен балалар, спорт алаңдарын бояйтын және оларды абаттандыру жұмыстарын жүргізетін «Жүз аула, жүз үй» қалалық акциясын іске қосуды ұсынамын. Барлық «Жасыл ел» сарбаздары жақсы жұмыс істеп, қаламыз көркейе түседі деп үміттенемін. Өйткені, шынайы патриотизм бұл нақты атқарылған іспен дәлелденеді», - деді Нұржан Әшімбетов.

«Жасыл ел» қалалық штабының жетекшісі Ахмад Каимов, еңбек жасақтарының командирлері Нұрай Азаматова, Анатолий Журавлев, Серік Асқаров, Ягиана Рустамова, Ануар Жанайдаров, Диас Амантай велосипедтерге ие болды.

«Еңбек вахтасына «Жасыл елдің» төрт отряды - экологиялық, күзет, медициналық және арт-жасақ жұмылдырылады. Олар академик Қ. И. Сәтбаев атындағы инженерлік-техникалық институтының 220 студенті мен қаланың алты колледжін біріктіреді», - дейді Екібастұз жастар бастамалары орталығының директоры Диана Әбенова.


Фото: дереккөз
Загрузка...