Екібастұзда КВИ жұқтырған 122 адамның 11-і – балалар

27 Мамыр 2020, 07:42
1003
Бөлісу:
Екібастұзда КВИ жұқтырған 122 адамның 11-і – балалар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұз қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қанатбек Тоқатовтың айтуынша, бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес подъездерде тұрақты түрде залалсыздандыру жұмыстары жүргізіліп тұрады, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Корнавирус инфекциясын жұқтырған 122 адамның ішінде 14 жасқа толмаған 11 бала бар.
Елордада карантин және мемлекетте ТЖ режимі жарияланар алдында Нұр-Сұлтаннан әйел адам екі немересімен Екібастұзға келген. Бұл науқастан 20-ға жуық адам инфекция жұқтырған. Себебі, әйел адам төтенше жағдай режимін бұзған. Ол туыстарының үйлеріне қонаққа барған. Байланыста болғандар арасында бірінші болып бауыры анықталды. Себебі ол тубдиспансерде 15 жыл бойы тіркеуде тұрады. Кейіннен туыстарынан және екі немерісінде КВИ анықталды, - дейді Қанатбек Тоқатов.

Басқарма басшысы медициналық ұйымдар диспансерлік тізімде созылмалы аурурлармен тұрған адамдарды тексере бастағанын айтады.
Оның ішінде қант диабеті, тыныс алу жолдары, қан айналу аурулары бар. Ауру ошақтары ауыздықталып, өздігінен жүгінгендер тексерілуде. Инфекцияның таралуы болмады. Осыған байланысты қатаң шара қолданбауды шештік. Соңғы жағдайлар бойынша эпидемиологиялық тергеу жүргізілуде. Мониторинг тобы жұмыс істеуде, - дейді басқармасы басшысы.


Өзгелердің жаңалығы