Екібастұзда домбырада ойнауды тегін үйретеді

7 Маусым 2019, 13:54
2516
Бөлісу:
Екібастұзда домбырада ойнауды тегін үйретеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жас ерекшеліктеріне қарамастан, ниет білдірген жандардың барлығын бір айда үйрету жоспарланып отыр. Бұл туралы pavlodarnews.kz сайты хабарлады.

Естай атындағы қалалық музыка мектебінде домбырада тегін ойын курстары ашылды.

«Домбыра өзінің өзектілігін жоғалтпады және бүгінгі күнге дейін көптеген заманауи музыканттар өз композицияларына қосады. Біз биыл 7 шілдеде өтетін Ұлттық домбыра күніне арналған курстар ұйымдастырдық», - деп хабарлады мектеп директоры Медғат Манапов.

Музыкалық мектеп «Богатырь», «Восточный», ГРЭС-1, ГРЭС-2 разрездерінің өкілдерін курстарға шақырады. Жас ерекшеліктеріне шектеу қойылмайды.

«Жастар жылы біз барынша көп адамға домбырада ойнауды үйреткіміз келеді. Курстар күн сайын өтеді. Топтарды болашақ домбырашылардың жұмыс кестесіне байланысты ұйымдастырамыз. Оларды музыка мектебінің он педагогы оқытады», - дейді Медғат Манапов.

Ұлттық домбыра күніне орай Екібастұзда бір мезетте 300 адам домбырада ойнайтын концерт дайындалып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы