Екі қылмыстық топ ұсталды

27 Мамыр 2020, 19:59
3354
Бөлісу:
Екі қылмыстық топ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы 27 мамырда ҰҚК Алматы қаласы мен Алматы облысында ҚР ІІМ-мен бірлесіп жүргізген арнайы операция нәтижесінде бір-біріне қарсы екі ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті.

Қылмыстық топқа қатысушылардың бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы бар. Қылмыстық құқық бұзушылықтар атыс қаруын қолдана отырып, аса өктемдікпен жасалған. Екі ҰҚТ-ның белсенді мүшелерінің жалпы саны  30 адамға жеткен. Олардың арасында бұрын сотталған адамдар бар, кейбіреулері "ұрылар" идеологиясын ұстанып, трансұлттық қылмыстық қоғамдастықтардың жетекшілерімен байланыста болған – делінген ҰҚК таратқан ақпаратта.

Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында әртүрлі 11 қару, 200-ден аса оқ-дәрі алынды.

Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторларына қамалды, бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде.
Өзгелердің жаңалығы