Екі ректор депутат атанды

14 Қаңтар 2021, 16:37
2877
Бөлісу:
Екі ректор депутат атанды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда мәслихатына Nur Otan партиясынан сайланған депутаттардың тізімі бекітілді. Олардың қатарында елордалық беделді ЖОО ректорлары Ерлан Сыдықов пен Талғат Нәрікбаев бар.

Nur Otan партиясы қалалық филиалы Саяси кеңесі Бюросының шешімімен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 112-бабының 1-тармағына сәйкес аумақтық сайлау комиссиясы VІI шақырылымның Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары ретінде тіркелген, құрамында 26 адам бар тізім бекітілді.

Мәселен мәслихаттағы Nur Otan партиясы фракциясының құрамы 80%-дан астамға жаңарды. Орташа жас 44 жасқа, яғни 6 жасқа дейін төмендеді. Ұсынылған тізімде әйелдердің үлесі 30%-ды, жастардың үлесі 20%-ды құрады. Депутаттық корпус 88% жаңартылды (3 адам, бұрынғы, алтыншы шақырылымдағы депутаттар).

Жаңа фракцияның алдында 5 жылға есептелген қалалық сайлауалды бағдарламаның орындалуын бақылау міндеті тұр. Бұдан басқа фракция мүшелері бюджет қаражатын тиімді пайдалануды, мемлекеттік органдардың индикаторлар мен бағдарламаларды орындауын бақылауға қол жеткізу үшін партияның барлық мүшесінің қызметіне мониторингті қамтамасыз етуге тиіс. Депутаттар негізінен білім беру, денсаулық сақтау, кәсіпкерлік, спорт, ТКШ және т. б. салаларды қамтиды. 31% - кәсіпкерлер, 23% - білім беру өкілдері (оның ішінде 2 ректор), 15% - Денсаулық сақтау, 12% - партия өкілдері, 8% - мәдениет және спорт саласы, 12%- инфрақұрылым, көлік, ТКШ.

Nur Otan партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалынан сайланған депутаттар тізімі:

1. Айтжан Абдыров

2. Азамат Айтхожин

3. Саламат Ахметов

4. Динара Байсеркина

5. Саят Батпенов

6. Ерлан Дәкенов

7. Гүлжамал Жапарова

8. Салтанат Женалаева

9. Алмат Жүнісов

10. Бақдәулет Жанділдаев

11. Ерлан Каналимов

12. Талғат Қожахметов

13. Нұрлан Күпешов

14. Батыр Котырев

15. Талғат Нәрікбаев

16. Азамат Өмірзақов

17. Азамат Орынбасаров

18. Ләззат Разбекова

19. Ғабит Сатмағамбетов

20. Владислав Сергеев

21. Алмагүл Сегізбай

22. Ерлан Сыдықов

23. Алтыншаш Табұлдина

24. Ғабит Тәжімұратов

25. Динара Уразалина

26. Сергей Шукшев

Бұған дейін Алматы мәслихатына Nur Otan партиясынан сайланған депутаттардың тізімі бекітілгенін хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы