Екі отандасымыз «Париж-Брест-Париж» планеталық веломарафон қашықтығын бағындырды

17 Қыркүйек 2019, 06:11
1921
Бөлісу:
Екі отандасымыз «Париж-Брест-Париж» планеталық веломарафон қашықтығын бағындырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылықтар Антон Ни мен Михаил Бабич «Париж-Брест-Париж» веломарафонына қатысып, мәреге жетті. Олар 1200 км қашықтықты 90 сағат ішінде еңсерген.

Қарағанды облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Қазақстан атынан беделді веложарыста бес спорт әуесқойлары өнер көрсетті. Олардың үшеуі еліміздің тарихында алғаш рет осындай нәтижеге қол жеткізген. Мәреге жеткенспортшылардың екеуі қарағандылықтар.

"Жарысқа қатысу құқығына ие болу үшін біліктілік іріктеуінен өту керек еді, яғни қашықтығы 200, 300, 400 және 600 шақырым болатын төрт дистанциядан өту керек болды. 600 шақырым қашықтықты біз Қарағандыдан Баян-ауылға дейін және кері бағытта жүріп өттік", - деді Антон Ни.

Оның айтуынша, ол велосипед спортымен екі жыл бұрын нақты айналыса бастаған. Антон индустриялық жабдықтармен сауда саласында жұмыс істейді. Ол IronMan турниріне қатысу үшін тас жолмен жақсы жүретін велосипед сатып алдған. Онда ол қашықтықтың жартысын ғана өте алды.

Веломарафонға қатысушы 7000 жуық спортшылар жарысты әр уақытта басталды. Антонның айтуынша, кешкі сағат 9-да оған кеш старт берілді. Ол өз кезегінде белгілі бір қиындықтар туындатты.

"Старт алдында мен күні бойы ұйықтамадым - адреналин басыма шауып тұрды. Нәтижесінде түнде жолға шығып, ұзақ уақыт ұйықтамадым – уақыт жоғалтпау үшін тоқтамай жүрдім. Келесі күні кешкі алтыда ғана ұйықтадым. Сонымен қатар, бірнеше сағат жоғалтып алдым, себебі көрсеткішті байқамай жолда адасып қалдым. Кейінірек дәл солай екі үнділік пен француз велосипедшілер де адасып кетті. Сонан соң барлығымыз бірге дұрыс бағытты таптық", - деп еске алады Антон.

Нәтижесінде оның көрсеткіші 85 сағатты құрады.

Ал Михаил Бабичтің веломарафонға қатысуына кедергілер пайда болып, оның жарыстан ұшып кету қаупі де болды.

"Стартқа бір күн қалғанда мен машинаның астында қалдым. Париж қаласының бірінде жаңбырлы күні велосипедпен келе жатқанымда тайып түстім, траффик те өте үлкен болды. Бақытымызға орай, өзім зардап шеккен жоқпын, бірақ велосипед қатты зақымдалды. Мен оны түні бойы жөндедім. Таңға жуық барлығын аяқтап, мәреге шықтым", - деп әңгімеледі әуесқой өзінің оқиғасын.

Михаил көп жылдан бері велосипедпен шұғылданады. Ол бір жыл бұрын өз күшін сынап көру үшін ғана біліктілік сапарынан өткен екен. Ал биылғы жылы 77 сағат ішінде 1200 км қашықтықты жүріп өтті.
Екі әуесқой енді басқа да ірі веложарыстарда өнер көрсетпек.

«Париж-Брест-Париж» веломарафоны 1891 жылдан бері өтеді. 1951 жылға дейін ол 10 жылда бір рет өткізіліп тұратын. Қазір веложарыс төрт жылда бір рет өтуде. Қазақстандықтар оған 2010 жылдан бастап қатысуда, алайда әлі күнге дейін ешкім белгіленген уақытта мәреге жеткен жоқ.


Өзгелердің жаңалығы