Тағы үш облыста дауылды ескерту жасалды

28 Маусым 2020, 13:47
1416
Бөлісу:
Тағы үш облыста дауылды ескерту жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары үш облыста дауылды ескерту жариялады.

29 маусымда Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерде 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды қаласында найзағай, жел оңтүстік-батыстан соғады, күші 18 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 75-80%.

Түнде 29 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. Тәулік бойы 29 маусымда кей жерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі, - делінген хабарламада.                                                                   

Петропавл қаласында түнде 29 маусымда найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Тәулік бойы 29 маусымда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 90-95%.

29 маусымда Ақмола облысының кей жерінде найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі.

Көкшетау қаласында 29 маусымда түнде және таңертең найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.

Нұр-Сұлтан қаласында 29 маусымда найзағай, оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы - 85-90%.


Өзгелердің жаңалығы