«Қазгидромет» екі облыста дауылды ескерту жасады

19 Қыркүйек 2019, 17:03
2104
Бөлісу:
«Қазгидромет» екі облыста дауылды ескерту жасады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктерінің болжамынша, Қостанай және Көкшетау облыстарында қатты жел соғып, найзағай ойнайды.

"20 қыркүйекте Қостанай облысының кей жерінде найзағай, түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі", - делінген синоптиктер хабарламасында.

Қостанай қаласында 20 қыркүйекте батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Дабылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.

20 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерде 15-20, екпіні 23 м/с. Түнде кей жерде найзағай күтіледі.

Көкшетау қаласында 20 қыркүйекте оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-90%.

 

Өзгелердің жаңалығы