Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

14 Ақпан 2019, 19:57
1673
Бөлісу:
Екі облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Астана, BAQ.KZ. Ауа райының қолайсыздығына орай екі облыста ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

15 ақпан күні ШҚО-ның кейбір жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз бұрқасын болады. Кей жерлерде шығыстан, оңтүстік-шығыстан cоғатын желдің күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с дейін жетеді.

15-17 ақпан аралығында Қызылорда облысының жекелеген аумақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Өзгелердің жаңалығы