Екі аптада жол апатынан 88 адам қаза тапқан

21 Маусым 2021, 11:20
2338
Бөлісу:
Екі аптада жол апатынан 88 адам қаза тапқан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділда Ораз ІІМ-нің апта сайынғы дәстүрлі брифингінде айтты.

Еңбек демалысы кезеңінде автокөліктердің қозғалысы жиіледі. Ол көлік қақтығысының қаупін арттырды. Соңғы екі аптада 428 жол-көлік оқиғасында 88 адам қаза тауып, 505 адам жарақат алған. Оған қоса, 92 жол-көлік оқиғасында кәмелетке толмаған 8 бала көз жұмып, 102-сі жарақат алды. Мерт болғандар мен зардап шеккендердің үштен бірі жаяу жүргіншілерге қатысты, - деді Нұрділда Ораз.

Оның айтуынша, аталған жол-көлік оқиғаларының себебі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер тарапынан болған бұзушылықтар болып отыр.

Жүргізушілер жылдамдықты арттырып, қарсы жолаққа шығып кетіп жатады. Жергілікті жерлерде жаяу жүргіншілердің тәртіпті бұзғандары анықталды. Осы орайда Ішкі істер министрлігі жолда жүру тәртібін қадағалауға шақырады, - деді Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі.

Өзгелердің жаңалығы