Мас күйінде таксиді айдап кеткен елордалық екі адамды қағып кетті

3 Желтоқсан 2019, 10:12
26128
Бөлісу:
Мас күйінде таксиді айдап кеткен елордалық екі адамды қағып кетті
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны мас күйінде такси көлігін айдап әкетіп, екі адамды қағып кеткен. 


Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны мас күйінде такси көлігін айдап әкетіп, екі адамды қағып кеткен. Салдарынан бір адам қаза тапқан. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Көлікті айдап әкеткені туралы хабарлама полицияға сағат 06:52-де түскен. 

"Бизон" дәмханасы жанында белгісіз адам такси көлігінің жүргізушісін ұрып, Lada автокөлігін айдап әкеткен. Ал сағат 6:58-де Тәуелсіздік даңғылында жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан екі адамды қағып кеткен. Жол апатының салдарынан 48 жастағы әйел адам оқиға орнында қаза тапқан, ал 2005 жылы туған бала түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына келген патруль жасағы 23 жастағы күдіктіні уақытша ұстау изоляторына қамады, - делінген хабарламада.   

Аталған факті бойынша, "Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы" 
осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, "абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет" және "Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу" баптары бойынша тергеу амалдары басталды.


Өзгелердің жаңалығы