Бас жаңалықтар
Екатерина Айдова Олимпиадаға дайындығы туралы айтты
09 Қазан 2021, 13:06 133

Екатерина Айдова Олимпиадаға дайындығы туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық конькишілер елордада жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Алау мұз сарайында дайындығын шыңдап жүрген ұлттық құрама көшбасшысы Екатерина Айдова жиынның қалай өтіп жатқанын айтты. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады. 

Бұл менің спорт карьерамдағы төртінші олимпиадалық кезең. Әрине, Олимпиада қарсаңында жауапкершілік жүгі өте ауыр, - дейді ол.
Оның мәлімдеуінше, жазғы жаттығу жиындары Нидерландыда өткен.
Өздеріңіз білетіндей, Нидерланды әлем бойынша коньки спортынан бірінші орында тұр. Осындай елде дайындығымызды пысықтап, шеберлігімізді шыңдауға мүмкіндік туғанына шын қуаныштымыз. Жазғы маусымға жоспарлаған жоспарымыз, тапсырмалар 100 пайызға толық орындалды десек болады. Қазір жабық кешенде мұзда дайындыққа кірістік. Әлем кубогі кезеңдерінің нәтижесі бойынша Олимпиадаға қандай дистанцияға қанша жолдама алғанымыз белгілі болады, - дейді Екатерина Айдова.

Айта кетейік, конькишілер жаттығуы 17 қазанға дейін жалғасады.


Фото: дереккөз
Загрузка...