Egov.kz жеке кабинетінде еңбек шарты туралы ақпарат қолжетімді болды

21 Қазан 2019, 20:05
7632
Бөлісу:
Egov.kz жеке кабинетінде еңбек шарты туралы ақпарат қолжетімді болды

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-мен бірлесіп, электрондық үкіметтің жеке кабинетінде еңбек шарты туралы ақпаратты көрсету функционалын енгізді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Енді әрбір адам жеке кабинетке кіре отырып, ағымдағы еңбек шарты туралы ақпаратты "еңбек қызметі" бөлімінде тексере алады, онда кәсіпорынның атауы, жасалған күні, шарттың нөмірі және лауазымы көрсетілген. Жеке кабинетте ҚР Еңбекмині әзірлеген электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде тіркелген шарттар бойынша ғана деректер берілгенін атап өту қажет.

Өткен жылдан бастап Қазақстанда пилоттық режимде жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы еңбек қатынастары туралы мәліметтерді сақтайтын "Электрондық еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесі" жобасы іске қосылғанын еске саламыз. Бүгінгі таңда жүйеде 18 мыңнан астам кәсіпорын және 793 мың еңбек шарты тіркелген. Бұл жобаның басты артықшылығы – қағаз құжаттарын жинаудың қажет болмауына байланысты жұмысқа орналасу процесін жеңілдету, шарттың қорларға жарналардың бар екенін көрсету, сондай-ақ жұмыс берушінің қызметкер алдындағы міндеттемелерін белгілеу арқылы әлеуметтік тәуекелдерден қорғауы болып табылады.  

 
 

Өзгелердің жаңалығы