Бас жаңалықтар
Үш өңірде егіс жұмыстары аяқталды – АШМ
01 Маусым 2020, 19:19 107

Үш өңірде егіс жұмыстары аяқталды – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласыда және Ақтөбе мен Атырау облыстарында көктемгі дала жұмыстары жүргізіліп болды, қалған өңірлердегі егіс науқаны өз уақытында аяқталады.

АШМ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі күні дәнді және бұршақ дақылдарының егілуі 91% (13,3 млн га), майлы дақылдар 90% (2,7 млн), қауын және картоп 89,5% (422,3 мың), қант қызылшасы - 93,2%-ға (20,5 мың) аяқталды.

Осыған дейін фермерлер мақта мен көпжылдық шөптерді себуді бітірген болатын. Айта кету керек аталмыш дақылдарды егу жоспарлаған уақыттан ерте аяқталды. Мақта 125 мың гектарға (114%), жемшөп дақылдары 401 мың гектарға (138,9%) егілді – делінген хабарламада.

Осы қарқынмен еліміздегі көктемгі дала жұмыстары санаулы күнде толығымен аяқталады деп күтілуде.

Төтенше жағдай мен карантин режиміне қарамастан, егін науқаны уақытында басталып, сәтімен жүргізілді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және Премьер-Министр Асқар Маминнің тапсырмасымен ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі дала жұмыстарын жедел қаржыландыруды қамтамасыз етті. Арзан отынды, субсидияланған минералды тыңайтқыштар мен пестицидтерді уақтылы жеткізуді ұйымдастырды. "ҚазАгро" ҰБХ" АҚ, қаржы институты "Кең Дала" және "Қарапайым заттар экономикасы" бағдарламалары бойынша жылдық 5 және 6%-бен фермерлерге несие берді, сонымен қатар, ауылшаруашылық техникалары жеңілдетікпен жалға берілді.

Сондай-ақ, елде енгізілген төтенше жағдай кезеңінде Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі дала жұмыстарымен айналысатын фермерлерді және техникаларды блокпосттардан еш кедергісіз өтуін қамтамасыз етті. Қосалқы бөлшектерді сататын және ауылшаруашылық техникаларына қызмет көрсететін кәсіпорындардың жұмысы да тоқтаған жоқ.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...