Биыл егіс көлемі 22 млн гектардан асады – АШМ

8 Сәуір 2020, 16:09
1934
Бөлісу:
Биыл егіс көлемі 22 млн гектардан асады – АШМ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында егістік науқаны туралы ҚР ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров баяндап берді. 

Елбасы ағымдағы жылдың көктемгі жұмыстарын уақытында жүргізу бойынша міндет қойды. Бұл өз кезегінде еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіні рас. 
2020 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 22,5 млн гектар құрады. Дәнді-дақылдар 15,2 млн гектар, соның ішінде бидай алаңы 11,4 млн гектарды құрап отыр. Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау мақсатында егіс алқаптарын әртараптандыру және жоғары дақылдарды өсіруге көшу бойынша жұмыстар жалғасуда, – деді вице-министр.

Осылайша, майлы дақылдардың жоспарланған алаңы 3 млн гектар жеткен. Ал өткен жылғы салыстырғанда, бұл 122 мың гектарға көп. 

Көкөніс, бақша дақылдары мен картоп алаңы 19 мың гектарға, азық дақылдары 309 мың гектарға өсуге қамтамасыз етілді. Техникалық дақылдар оның ішінде қант қызылша, мақта алаңдары 32 мың гектар құрайды. Егіс алаңдарының құрылымын ең алдымен облыс әкімдеріне нарықтың қажеттілігіне қарай жеткіземіз, - деді Айдарбек Сапаров. 

Сонымен қатар, биыл қарақұмық алаңы 30 мың гектарға көбеюге жоспарланған. Бұл өзімізді осы дақылға деген қажеттілікке толығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы