Египетте Суэц каналынан түскен табыс рекордтық көрсеткішке жетті

14 Тамыз 2019, 05:57
2084
Бөлісу:
Египетте Суэц каналынан түскен табыс рекордтық көрсеткішке жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысырдағы Суэц каналының жылдық табысы 5 млрд 900 млн долларды құрап, рекордтық деңгейге жетті, деп хабарлады 24.kz.

Осылайша, халықаралық маңызы бар су жолының кірісі 300 млн долларға дейін ұлғайып отыр. Бұған қоса, Жерорта теңізі мен Қызыл теңізді жалғастыратын канал арқылы күніне 81 кемені өткізіп тағы бір мәрте рекорд орнатты. Мамандар бұл көрсеткіш 2023 жылы 97-ге дейін өсуі керек деген болжам жасап отыр.

Өзгелердің жаңалығы