Егер «Спутник V» вакцинасының бір компонентін ексеңіз не болады?

4 Сәуір 2021, 21:17
4525
Бөлісу:
Егер «Спутник V» вакцинасының бір компонентін ексеңіз не болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Спутник Лайт» вакцинасы COVID-19-дың қаупін екі есе азайтады. Бұл туралы «Россия 1» телеарнасының эфирінде Гамалея Ұлттық орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеді. 

Sputnik.kz мәліметінше, наурыз айының соңында Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі «Спутник V» коронавирустық вакцинасының «лайт-нұсқасын» тіркеді. Алғашқы препарат сияқты, оны Гамалеи орталығының мамандары Ресейдің тікелей инвестициялар қорымен (РФПИ) бірге адамның аденовирустық векторлары платформасында әзірледі. Қазір сынақтардың үшінші кезеңі жалғасуда.
Егер «Спутник V» вакцинасының бірінші компоненті болып табылатын «лайт» нұсқасы екінші вакцинациясыз бөлек қолданылса, онда бұл инфекциямен ауруды 50 пайызға, тіпті 60 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді, - деді Гинцбург. 

Вакцинация кезінде «лайт нұсқамен» бір ғана инъекция жасалады, ал антиденелер қысқа мерзімде қалыптасып үлгереді. Вакцинациядан кейінгі иммунитет үш-төрт айға созылады және оның тиімділігі шамамен 85% құрайды. 

Препарат, ең алдымен, коронавирустың ауыр ошақтарын тез жоюға және ауру өршіп тұрған елдің тұрғындары үшін ұжымдық иммунитет құруға арналған. Үш айдан кейін «лайт нұсқасын» қабылдаған адам «Спутник V» екінші компонентін сала алады. Осылайша ковидтен қорғану ұзартылады. 

   

Өзгелердің жаңалығы