ЕЭО-да тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбалар қолданылады

9 Қараша 2021, 16:14
889
Бөлісу:
ЕЭО-да тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбалар қолданылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Халықаралық тасымалдардың ашықтығын қамтамасыз ететін, «жалған транзит» пен «жалған импортты» жоятын және қазына түсімдерін молайтатын келісім жобасы талқылануда. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Биыл Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақта тасымалдауды қадағалау үшін навигациялық пломбаларды қолдану туралы келісімге қол қоюға ниетті.

Осы келісім бойынша жұмыс 2017 жылдан бастап ЕАЭО елдері сарапшыларының және Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілді.

Жұмыс күрделі болды, барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен тараптардың бизнес-қоғамдастығы қатысты, көптеген пікір мен ұстанымдар болды. Мемлекетішілік келісудің екі кезеңі өткізілді. Бүгінгі таңда барлық келіспеушілік жойылды, - деді МКК-де.

Жалпы, келісім навигациялық пломбаларды қолдана отырып, тауарларды ЕАЭО-ға мүше екі және одан да көп мемлекеттердің аумақтары бойынша өткізу кезінде оларды қадағалау мүмкіндігін көздейді.

Әрбір елдің навигациялық пломбаларды қолдану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру функциясын өзіне алатын өз ұлттық операторы болады.

Бұл ретте көліктің ерекшелігін ескере отырып, тауарлардың санатына байланысты өтпелі кезеңдер көзделген. Бұл тасымалдаудың әрбір кезеңін қадағалай отырып, навигациялық пломбаларды қолдану процесінің тиімділігін жетілдіруге мүмкіндік береді.

Бизнес үшін осы келісімнің артықшылықтары ЕАЭО кеңістігінде өз тауарларының қауіпсіз транзиті мүмкіндігінде, ЕАЭО бақылаушы органдары тарапынан бақылаудың қосымша нысандары мен шараларын алып тастауда болып отыр. Яғни егер пломба салынған болса, онда ЕАЭО-ның әрбір мемлекетінде тауарды, ал кейбіреулерінде бір бағыт үшін бірнеше реттен тексерудің қажеті жоқ. Мұндай жағдайлар шығындарды айтарлықтай төмендетеді және жалпы бизнес үшін қосымша әкімшілік кедергілерді алып тастауға ықпал етеді, - деп атап өтті Мемлекеттік кірістер комитетінде.

Мемлекет осы келісімнен халықаралық тасымалдардың ашықтығына, «жалған транзит» пен «жалған импортты» жоюға және тиісінше қазынаға түсетін кірістің ұлғаюына қол жеткізбек.


Өзгелердің жаңалығы