Эдди Хирн Головкинге жаңа қарсылас тапты

12 Қаңтар 2021, 09:12
765
Бөлісу:
Эдди Хирн Головкинге жаңа қарсылас тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Matchroom Boxing промоутерлік компаниясының басшысы Эдди Хирн орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBO титулының иегері Деметриус Андраденің жекпе- жегін өткізуге ниетті.

Головкин мен Джайме Мунгия - тамаша қарсыластар. Бірақ егер Билли Джо Саундерс Саул Альвареспен айқасқан жағдайда Андраде Головкинмен кездесуі керек деп ойлаймын. Өздеріңіз білетіндей, бұл орта салмақтағы жекпе-жек, әрине, қызықты болатындығы рас. Ал Деметриус Андраде үнемі үлкен айқасты іздеп жүреді. Егер ол Головкинмен кездеспеген күнде, Лиам Уильямспен жекпе-жекке шығады. Айтпақшы, бұл айқастың да жанкүйерлер көңілінен шығатындығы сөзсіз, - деді Эдди Хирн.
Өзгелердің жаңалығы