ЕАЭО-ның жаңа жүйесі. Ресей Қазақстанда тіркелген көліктерді бақылап отырады
08 Қараша 2021, 21:25 2940

ЕАЭО-ның жаңа жүйесі. Ресей Қазақстанда тіркелген көліктерді бақылап отырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ІІМ-де өткен брифингте айтты.

ЕАЭО интеграциялық процестері аясында құзырлы министрліктер арасында көліктерді тіркеу бойынша интеграция жүргізіледі. Қазіргі таңда бұл жұмысты Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жүзеге асырып жатыр. ЕАЭО-ның көлік құралдарына электронды паспорт әзірлеу аясында одақ аясында тіркелген барлық көлік бойынша деректер алмастырылады. Әрине, ол жеке мәліметтерді ұсынбау арқылы жүзеге асырылады. Яғни, көліктің тіркелу, тіркелмегені, іздеуде болуы туралы мәлімет болады, - деді Серік Түсіпов.

Оның айтуынша, бұл жүйе жедел түрде онлайн форматта әрбір көлік туралы мәліметті алуға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ РФ ІІМ-і де Қазақстанда тіркелген көліктердің мәртебесін көріп отырады, - деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанға келген көліктер 10 күн ішінде тіркелуі керек. Ол орындалмаған жағдайда заң аясында шаралар қолданылады.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...