ЕАЭО мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары цифрландыру мәселелерін талқылайды

21 Қаңтар 2019, 12:38
4950
Бөлісу:
ЕАЭО мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары цифрландыру мәселелерін талқылайды

Астана, BAQ.KZ. 2019 ж. 1 ақпанында Алматыда Еуразияның инновациялық экожүйесі арналған «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0» атты форумы өтеді. Форумды Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі ұйымдастыруда.

Форумға ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерінің Үкімет басшылары, ақпараттық технологиялар саласындағы халықаралық сарапшылар, халықаралық ұйымдардың өкілдері, саясаткерлер, ғалымдар, бизнесмендер қатысып, Еуразияның біртұтас инновациялық экожүйесін құру және дамытуға арналған ортақ алаңында одаққа мүше елдердің технологиялық әлеуетін ашу мәселелерін талқылайды.

Биылғы форумның спикерлері ең ірі IT-компаниялардың құрылтайшылары,  халықаралық ақпараттық технологиялық парктердің басшылары мен АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Сингапур, Швейцария және ТМД елдерінің технологиялық индустрия саласындағы 50-ден астам өкілдері қатысады.

«Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі 2.0.» форумы аясында Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Премьер-министрлері мен Армения Вице-премьері- және халықаралық сарапшылардың қатысуымен пленарлық сессиясы өтеді. Қатысушылар Еуразия технопарктерінің интеграциялау перспективаларын талқылап, бірлескен инновациялық жобаларды құру, IT саласындағы жас мамандар мен стартап-компанияларды қолдау және оларды ілгерілету мәселелері бойынша тәжірибесімен алмасады.

Сонымен қатар, Форум бағдарламасында бес панельдік сессия ЕАЭО цифрлық күн тәртібі, инновациялық экожүйе, Индустрия 4.0, (БҰҰ өкілдерінің қатысуымен) тұрақты дамуға қол жеткізу және шағын орта бизнесті цифрландыруға арналады.

2017 ж. 11 қазанында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында жарияланғандай, «Жаһандану дәуіріндегі цифрлық күн тәртібі» жыл сайынғы форумы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткізілді. Форумның басты мақсаты – ЕАЭО елдерінің цифрлық экономикаларын дамытуды жеделдету және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыратын бірлескен шараларды әзірлеу.

Толығырақ digitalforum.kz сайтында

Өзгелердің жаңалығы