«Е-Заңнама» сервистік бағдарламасына жыл сайын 35 млн теңге бөлінеді

8 Тамыз 2019, 12:54
3015
Бөлісу:
«Е-Заңнама» сервистік бағдарламасына жыл сайын 35 млн теңге бөлінеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Әділет министрлігі мемлекеттік органдар мен БАҚ өкілдеріне «Е-Заңнама» сервистік бағдарламасын таныстырды.

«Е-Заңнама» сервистік бағдарламасы - «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының 61-қадамына сәйкес қолға алынып отыр. заң жобасының тұжырымдамасынан бастап, сол жобаның қабылдануына дейінгі бүкіл процестерді автоматтандыруды көзделген. Жалпы, 2021 жылы толықтай енгізу жоспарланып отырмыз. Бұл жобаға 3 жылға 105 млн теңге бөлінді», - дейді  ҚР Әділет министрлігінің Заңнама департаменті директорының орынбасары Алма Мұқанова.  

Оның айтуынша, 105 млн теңге 3 жылға жоспарланған. Сондықтан жыл сайын 35 млн теңгеден бөлініп отырады. Жүйені «Зерде» акционерлік қоғамы дайындаған.

«Бұл жүйеде дайындалып жатқан заңнамалық өзгертулер мен толықтырулар мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының назарына ұсынылады. Әзірге заң жобасын дайындау жұмыстарының бір бөлігі қағаз нұсқада іске асады. Заң нормаларын бірнеше мемлекеттік орган мақұлдау үшін біраз уақыт кетіп жүргенін жақсы білеміз. Ал мұндай жүйеде қандай да бір нормаға қатысты ұсыныстар мен талдаулар, сын-ескертпелер мен БАҚ-та жарияланған ақпараттар бір базада сақталуы тиіс. Осының арқасында заң шығару жұмысы жеңілдейді, оған кететін уақыт та үнемделеді», - дейді Заңнама департаменті директорының орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы