«Е-tutynushy» жүйесін меморгандардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау қажет

23 Қараша 2021, 10:43
857
Бөлісу:
«Е-tutynushy» жүйесін меморгандардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау қажет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Мамин Үкімет отырысында айтты.

Жалпы осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмысты қолдаймын және мыналарға назар аударғым келеді. Интернет-сауда саласында тұтынушылар құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында Сауда министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен бірлесіп, биылғы жылдың соңына дейін электрондық сауда сегментінде құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуді тапсырамын, - деді ол.

Мамин атағандай, азаматтардың өтініштерін жүйеге келтіру және мемлекеттік органдар тарапынан жедел ден қою үшін «е-tutynushy» жүйесін бірқатар мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау қажет.

Осыған байланысты Сауда министрлігіне Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында интеграциялау бойынша осы міндетті іске асыруды тапсырамын. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және қаржылық сауаттылық мәселелерінде үлкен әлеуметтік бағдарлану бар, - деді ол.

Премьер-министр осы орайда министрліктерге тапсырма берді.

Осыған байланысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Сауда министрлігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен және әкімдіктермен бірлесіп, аталған тақырып бойынша халықтың хабардар болу жұмысын күшейткені жөн, сондай-ақ осы мәселені 2022 жылға арналған мемлекеттік ақпараттық саясат аясында пысықтау керек, - деді Асқар Мамин.

Өзгелердің жаңалығы