«E-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы брондау мүмкіндігі берілген

10 Ақпан 2021, 13:06
1811
Бөлісу:
«E-Salyq Azamat» қосымшасы арқылы брондау мүмкіндігі берілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Цифрлық технологиялар пандемия кезінде тиімділігін көрсетті, деп атап өтті Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев.

Оның айтуынша «E-Salyq Azamat» қосымша мен комитеттің порталы арқылы өткен жылы көрсетілген қызметтің 99 пайызы электрондық түрде көрсетілген. Сонымен қатар салықтық және кедендік декларацияның 99 пайызы да қашықтан тапсырылуда. 

Өткен жылы іске қосылған «E-Salyq Azamat» қосымшасы үйден шықпай салық төлеумен қатар, азаматтардың банкке сабылмауына да мүмкіндік жасады. Өйткені қосымшада салықтың берешегі, алдағы салық туралы ақпарат пен реквизиттердің барлығы көрсетілген. Мұнда салықтың кез келген түрі бойынша ақпаратты білуге болады, - деп атап өтті ол. 

Сонымен қатар электрондық салық әмиянын онлайн толтыруға болады. Қосымшада шағымдарға, сұрақтар мен жауаптарға арналған парақ та бар. 

Салық органдарына бару үшін бұл жерден кезекті де онлайн брондау мүмкіндігі берілген. Қосымшаға жүктелген калькулятор көмегімен салықты өздігімен есептеу де ескерілген. Сервисті App Store және Play Market-тен жүктеп алуға болады. Қосымшаны қолдану жеңіл әрі түсінікті, - деп атап өтті ол.

Мобилді қосымшаны жетілдіру де қарастырылған. Оны болашақта салық төлеуші мен органдардың диалогтік алаңына айналдыру көзделген


Өзгелердің жаңалығы