Еңбекминінің қоғамдық қабылдауы жыл соңына дейін қашықтан жұмыс істейді

29 Маусым 2020, 09:44
969
Бөлісу:
Еңбекминінің қоғамдық қабылдауы жыл соңына дейін қашықтан жұмыс істейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еңбекминінің қоғамдық қабылдау бөлмесі қашықтан жұмыс істей береді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы карантиннің ұзартылуына байланысты, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтардың өмірі мен денсаулығын коронавирустан қорғау мақсатында, 2020 жылдың соңына дейін жұмысын қашықтан жалғастырады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Барлық өтініштер электронды түрде Министрліктің ресми интернет-ресурсы мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары, "e-gov" электронды үкімет порталы және ҚР Президентінің виртуалды қабылдауы арқылы қабылданады.

Сондай-ақ 8 7172 74 37 23 нөміріне хабарласуға болады.

 
Өзгелердің жаңалығы