Бас жаңалықтар
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі тағайындалды
03 Маусым 2020, 17:06 88

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмәди Сарбасов ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ақмәди Сарбасов 1977 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Еуразия гуманитарлық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы бастады. Түрлі жылдары ҚР Әділет министрлігінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құрылымында жұмыс істеді.

2017 жылдан 2019 жылғы сәуір айына дейін — ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы — ҚР бас мемлекеттік еңбек инспекторы.

2019 жылғы сәуір айынан қазірге дейін ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі болып еңбек етті.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...