«Еңбек». Көпбалалы аналарға арнайы грант берілді

11 Қазан 2020, 22:00
8952
Бөлісу:
«Еңбек». Көпбалалы аналарға арнайы грант берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында көпбалалы аналарға 462 грант берілді.

altaynews.kz порталының мәліметіне сәйкес, биыл «Еңбек» бағдарламасы бойынша кәсіп ашуы үшін облыс көлемінде 1214 азаматқа қайтарымсыз грант берілген. Оның ішінде 462 грант – көпбалалы аналарға, 178 грант аз қамтылған отбасылар бөлінді.

Қазір бұл көрсеткіш 30% деңгейінде, келесі жылы 50%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз, – дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ келесі жылы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан мектеп түлектеріне қолдау көрсету мақсатында жоғары оқу орындарында және колледждерде тегін білім беру гранттары тағайындалады деп жоспарлануда.
Өзгелердің жаңалығы