Түркістан облысында 62 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты

23 Қыркүйек 2019, 19:52
1672
Бөлісу:
Түркістан облысында 62 мыңнан астам адам «Еңбек» бағдарламасына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 62 мыңнан астам адам «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қатысты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"2019 жылғы сегіз айдың қорытындысы бойынша Түркістан облысында 62 мың 386 адам нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысты. 42 612 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 30 328 немесе 71% тұрақты жұмыс орындарына тұрғызылды", - делінген хабарламада.

Еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша кәсіби дағдыларды қалыптастыру мақсатында азаматтардың жекелеген санаттары үшін қысқа мерзімді курстар өткізуді көздейтін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының бірінші бағыты аясында Түркістан облысында 2 844 адам оқуға жіберілді. Қысқа мерзімді кәсіптік оқыту аяқталғаннан кейін халықты жұмыспен қамту орталықтары мемлекеттік бағдарламаның қатысушыларына жұмысқа орналасуға көмек көрсетеді.

Мемлекеттік бағдарламаның екінші бағытының негізгі міндеті азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын дамыту болып табылады. Оның шеңберінде бастапқы бизнесті іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын және бұрын басқа мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде қаржылық қолдау алмаған үміткерлерге өтеусіз және қайтарымсыз негізде 100 және 200 АЕК мөлшерінде мемлекеттік гранттар беріледі. Бұдан басқа, ауылда және қалаларда кәсіпкерлік әлеуеті бар ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, ауыл шаруашылығы кооперативтеріне және олардың зейнеткерлік жасқа жетпеген мүшелеріне, шаруа және фермер қожалықтарына микрокредиттер беріледі. «Бастау-бизнес» жобасы аясында микрокредит алушылар үшін кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізіледі.

"Түркістан облысында микрокредиттеумен 940 адам, оның ішінде қалаларда – 41, ауылдарда – 899 адам қамтылды. Мемлекеттік гранттарды 100 АЕК-ке дейінгі мөлшерде мемлекеттік бағдарламаның 101 қатысушысы, 200 АЕК-ке дейінгі мөлшерде – 498 (жастар, аз қамтылған және көп балалы отбасы мүшелері, еңбекке қабілетті мүгедектер) адам алды", - деді.

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты азаматтардың жекелеген санаттарын жұмысқа орналастыру үшін мемлекеттік субсидияланатын жұмыс орындарын құруды көздейді. Оны жүзеге асыру аясында Түркістан облысында 13 973 адам, оның ішінде әлеуметтік жұмыс орындарына 4 333 адам, қоғамдық жұмысқа 4 308 адам жұмысқа орналастырылды, жастар практикасына 5 332 адам тартылды.


Өзгелердің жаңалығы